Астанада 10 қаңтарға дейін аяз болады
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жылдың бірінші аптасы суық болды.
Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады. Астанада қаңтар айының басында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы -32;-21°C, күндіз -22;-15°C болуы ықтимал.
«6 қаңтарда, дүйсенбі күні көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -30;-32°C, күндіз -20;-22°C» болады.
«Сейсенбі күні, 7 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23;-25°C, күндіз -16;-18°C болады», - деп болжайды синоптиктер.
«8 қаңтарда Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -21;-23°C, күндіз -15;-17°C болады», - деп хабарлайды Қазгидромет.