Астанада 10 қазаннан бастап автобустар саны артады: өзгерістер қашан күшіне енеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 10 және 12 қазаннан бастап бірқатар қоғамдық көлік бағыттарындағы автобустар саны артады. Өзгерістер 11 қалалық және 5 экспресс бағытты қамтып, жолаушылардың күту уақытын қысқартуға бағытталған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді.
Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 11 қалалық бағдарда демалыс және жұмыс күндері қатынайтын автобустар саны 22 және 5 экспресс-бағдарда 10 автобусқа артады.
10 қазаннан бастап, демалыс күндері:
— № 12 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 11);
— № 37 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 10);
— № 46 бағдар — енді 16 автобус (бұрын 15);
— № 50 бағдар — енді 14 автобус (бұрын 12);
— № 64 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 11).
12 қазаннан бастап, жұмыс күндері:
— № 3 бағдар — енді 20 автобус (бұрын 18);
— № 4 бағдар — енді 20 автобус (бұрын 16);
— № 5 бағдар — енді 20 автобус (бұрын 16);
— № 35 бағдар — енді 18 автобус (бұрын 16);
— № 36 бағдар — енді 18 автобус (бұрын 17);
— № 63 бағдар — енді 24 автобус (бұрын 22).
Экспресс, күнделікті:
— № 502 бағдар — енді 14 автобус (бұрын 12);
— № 505 бағдар — енді 14 автобус (бұрын 12);
— № 506 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 10);
— № 507 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 10);
— № 508 бағдар — енді 12 автобус (бұрын 10).
Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 150 теңгеге көтеріледі.