Астанада 10 күндік қар жауды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қардың 10 күндік мөлшері жауды.

Астанада 10 күндік қар жауды

Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жауған қардың биіктігі 21 сантиметрді құрады. Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді деген болжам бар. Қар жаумайды.

Ал Алматыда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетіп, таулы аудандарда жауған қардың биіктігі 35 сантиметрге дейін барған.