Астанада 10 мың доллар қаражатты кассадан заңсыз алған банк қызметкері жауапқа тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Цеснабанк» АҚ қызметкері кассалық тәртіпті сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.
Сарыарқа аудандық соты банк қызметкері кассалық операция жүргізу қағидасын бұзып, банк күзетшісіне мекеме есебінде тұрған қаражаттан сұраған сомасын алып бергенін анықтады. Күзетші оны алдап 10 мың долларды алып, қызметтік қаруымен бірге жұмыс орнынан бой тасалаған. «ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер жұмыс берушіге келтірген тікелей шығынның орнын толтыруға міндетті. Сот шешімімен талапарыз қанағаттандырылды», - делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. Жауапкерден талапарыз берушіге («Цеснабанк» АҚ) пайдасына 1 818 000 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілмек. Шешім заңды күшіне енді.