Астанада 100-ге жуық қоғамдық көмекші марапатталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев полицияға пәрменді көмек көрсеткен 96 азаматқа грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыстады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілермен бірлесіп жұмыс істеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Құқық қорғау бағдары бойынша қоғамдық тәртіпті күзетуге 900 аса қоғамдық құрылым өкілдері қатысады, соның ішінде қоғамдық кеңес құрамындағы 37 құқық қорғау органдарының ардагері, 217 консьерж және полиция бөлімшелері жанындағы қоғамдық көмекшілер, күзет құрылымдарының 343 қызметкері, жедел-жастар жасағының 122 мүшесі және т.б.
Жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің мәліметі бойынша, 4 қылмыс пен 165 әкімшілік құқық бұзушылық ашылып, 210 азамат учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.