Астанада «100 қадам: қазақстандық жаңарту перспективалары» тақырыбында Саясаткерлер конгресі сарапшылық клубының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 маусымда Астанада ҚР Мәдениеет және спорт министрлігінің қолдауымен Саясаткерлер конгресінің қамқоршылығымен «100 нақты қадам: қазақстандық жаңартудың перспективалары» тақырыбында Саясаткерлер конгресі сарапшылық клубының отырысы өтті.

Астанада «100 қадам: қазақстандық жаңарту перспективалары» тақырыбында Саясаткерлер конгресі сарапшылық клубының отырысы өтті

Сарапшылар Ұлт Жоспарын жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстарын алға тартты.

«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге тиісті жауап болып табылатын мемлекетті жаңартудың кешенді бағдарламасы, Ол Қазақстанның әлемнің дамыған мемлекеттерінің 30-дығына кіру жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Ұлт Жоспарын тиімді іске асыру мемлекеттік органдардан, сарапшылық қоғамдастықтан және азаматтық сектордан белсенді өзара іс-қимылды талап етеді», - деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев.

Сарапшылық клубының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, сарапшылық топтардың, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.