Астанада 100 мың текше метрден астам жаңбыр суы сорылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екі апта бойы нөсер жауын жауып, күн күркіреді. Нөсер жауындар кезінде (16-26 мамыр аралығында) елордада 100 мың текше метрден астам су сорылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Соның ішінде, «Алматы» ауданында 46210 м3 су, «Сарыарқа» ауданында 38800 м3 су, «Есіл» ауданында 20337 м3 су сорылды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада алдағы күндері ауа температурасы +27°С дейін көтеріледі. Көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 28 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +10+12°С, күндіз +23+25°С. Жұма, 29 мамыр күні ауа температурасы күндіз +25+27°С, түнде +11+13°С жылы болады. 30 мамыр, сенбі күні синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +23+25°С дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар