17:37, 11 Шілде 2024 | GMT +5
Спортты дамыту дирекциясы 40 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

«Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде КММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған», — делінген хабарламада.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды