Астанада 11 шілде күні автобус жүрмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде режимін сақтау міндетті.
Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.