Астанада 12-ші рет көктемгі «Бұрқасын» шаңғы мерекесі ұйымдастырылды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Астанада осымен 12-ші рет көктемгі «Бұрқасын» шаңғы мерекесі ұйымдастырылды»,
None
None

деп хабарлайды Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 Аталмыш шараның аясында ұйымдастырылатын спорттық ойынға қытысушылар мен жанкүйерлер саны осы жолы 2 мың 500-ге жуық адамды құрады. Ал спорттық ойындарды тамашалушылар  жылдағыдан әлдеқайда көп болды. Осы күні Есіл өзенінің жағасына жиналған халық шаңғы тебу, футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты алуан түрлі спорт түрлерінен күштерін сынап, бәсекеге түсіп жатты. Ал ауа райы болса, өзінің шуағымен мерекеге жиналғандарды одан сайын қуанта түсті. Спорттық шараға, елордадағы арнауы орта білім беру және жоғары білім беру мекемелерінің, Республикалық ұлан мен еліміздің күш-қуат құрылымдарының, жеке компаниялардың өкілдері, мектеп оқушылары, тіпті мемлекеттік қызметкерлер де қатысты. Мерекелік шара барасында 9 ара қашықтық бойынша шаңғы тебуден  жарыс ұйымдастырылды.

 Нәтижесінде 5 шақырым қашықтық бойынша шаңғымен жүгіру спортынан жарысқа шыққан 40 пен одан үлкен жастағы азаматтар арасында Геннадий Герасименко үздік шықты. Тап осы қашықтық пен осы жастағы әйелдер арасындағы жарыста Елене Таниченко ерекшеленді. Ал 3 шақырым ара қашақтықты ең жас спортшылар арасында ұйымдастырылған жарыста Марат Иманжүсіп пен Жайнагүл Кемалова жеңімпаз атанды. 1996-1997 жылғы жастар арасындағы жарыста Дархан Сәрсекеев пен Дана Ислям үздік деп танылды. Ал 5 шақырым ара қашықтықта сынға түскен 1991 жылғы және одан үлкендер арасындағы жарыста Аслан Досымбеков пен Бибігүл Әлпейісовалар өзгелер озық шықты. 1992-1993 жылғы жастар арасында бірінші орынды Азат Қуанышев, 1994-1995 жылғы жастар арасында Александр Гнедов жеңіп алды. Күш-қуат құрылымдары арасындағы жарыста Руслан Қожаев жеңіп шықты. Ал ең үлкен қашықтыққа жүгіруде Нұрсәуле Кемалова мен Азат Нұрқановтар шашаларына шаң жұқтырмады. Шағын футбодан өткен жарыста «Шығыс» командасының мерейі үстем болды. 24 келі кір тасын көтеруден Ізбасар Кинешовке, 16 келі салмақтағы кірді көтеруден Бахтияр Байкеновке қарсы шығар спортшы болмады. Армрестлингтен спортынан ең күшті болып, Асылхан Алин (60 келі), Александр Иващук (70 келі), Рүстем Игісінов (80 келі), Николай Подвительский (90 келі) танылды.   

Су астындағы балық аулаудан Василий Карелин жеңімпаз атанды. Ал «Бұқар тартыстан» ересектер арасында Кирил Суенов, жасөспірімдер арасында Мәжит Реимов үздік деп танылды. Арқан тартудан Республикалық ұлан сарбаздарына ешбір ұжым қарсы келе алмады. Қазақша күресте Қосы Бек-Ислам барлық қарсыластарының жауырындарын жерге тигізді. 

Соңғы жаңалықтар