Астанада 12 жастан асқан оқушыларға ЖИ технологияларды тегін үйрететін орталық ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазан айында 12-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады. Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

ЖИ
Фото: DALL-E

- Бұл – оқушыларға қосымша білім беретін заманауи платформа. Бағдарлама 11 бағытты қамтиды, соның ішінде генеративті ЖИ, ойын жасау, анимация, 3D моделдеу, робототехника және басқа да салалар бар. Мұнда әр оқушы өз қабілетін дамыта алады. TUMO – Астанада орналасқан халықаралық ЖИ орталығы. Alem.ai ғимаратының 2, 3-қабаттарында орналасады. Мұнда жылына 5000 оқушыны тегін оқытуды жоспарлап отырмыз. Ешқандай іріктеу талаптары жоқ, - деді ол.

Бұл курстарға өтінім қабылдау жуықта alem.ai сайтында басталады.

- Алдағы 3-5 жылда біз бұл жобаны Қазақстанның барлық аймағына, соның ішінде шалғай елді мекендерге дейін кеңейтіп, әрбір оқушыға осындай мүмкіндікті қолжетімді етуді көздеп отырмыз, - деді Валерия Тё.

Бұған дейін NU инженері Анар Сандығұлова аутизм ерекшелігі бар балаларды жасанды интеллектіге негізделген робот терапиясы арқылы оңалту әдістемесін әзірлегенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум