Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегінен III республикалық турнир өтеді. Онда ҚР Ұлттық гвардия бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынбақ.
Онда 9 салмақ дәрежесі бойынша 120 спортшы сынға түседі.
13 құрама жарысқа қатысатынын растады. Олар Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық гвардиясының, сонымен бірге жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорттық ұйымдардың намысын қорғайды.
Жарыс мақсаты - қоян-қолтық жекпе-жекті дамыту, салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, спортшылардың және төрешілердің кәсіби шеберлігін шыңдау.