Астанада 125 мың тұрғын АҚТҚ-ны анықтау бойынша тестіден өтті - Денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада ағымдағы жылдың 9 айы ішінде АҚТҚ инфекциясын жұқтыру жағдайы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артты.
None
None

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай өткен баспасөз мәслихатында елордалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сәуле Құрманова мәлім етті.

«Жыл басынан 1 қазанға дейінгі жағдай бойынша, Астанада АҚТҚ инфекциясын жұқтырудың 70 жағдайы тіркелді. 2010 жылдың 9 айына қарағанда көрсеткіш 1,2 есеге артты», - деп атап өтті ол.

С.Құрманова келтірген мәліметтерге сүйенсек, Астанада АҚТҚ-ға шалдыққан 458 адам тіркелді, олардың 32-сі көз жұмды. Астана қаласының 125 мың тұрғыны немесе жалпы санының 18 пайызы АҚТҚ-ны анықтау бойынша тестіден өтті. Кеселді жұқтырғандардың денін еңбекке қабілетті 29-30 жас аралығындағы адамдар құрап отыр. Жұқпа көбіне жыныстық қатынастар арқылы беріледі.

Соңғы жаңалықтар