Астанада 125 пәтерлік тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Соңғы екі ай ішінде «Елорда даму» ЖШС апатты тұрғын үйлердің 189 иеленушісін қоныстандыруға арналған 2 тұрғын үйді пайдалануға тапсырды.
Тархан-Жұбанов көшелерінің қиылысындағы кешеннің құрылысы коммерциялық бағытқа ие және пилоттық жобаны қайта инвестициялау мақсатында жүзеге асырылды. Бұл ретте пәтерлерді сатудан түскен қаражат жаңа тұрғын үйдің құрылысына жұмсалатын болады, оның бір бөлігі апатты үйлердің иеленушілерін көшіру үшін өтеусіз негізде беріледі.
Тұрғын үй кешені инфрақұрылымы дамыған ауданда, Еуразия гуманитарлық университетінің, «Ақ көгершін» балабақшасының, №16 ОМ және «Қазақстан» СК жақын маңында орналақсан.
Үйдің құрылысы энергия және жылу үнемдеу технологиясының талаптарын есепке ала отырып, жүргізілген. Бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер жайлылықтың 3 санатына жатады, ішкі орын-жайларды таза әрленген күйде (ламинат, түсқағаз, бөлме аралық есіктер, санитарлық түйіндер мен асүйдің қабырғаларының қаптамасы - керамикалық плиткадан, жабдық - сантехника). Қасбет гранит және сәндік сылақпен әрленген. Бір бөлмелі пәтерлердің орташа ауданы - 36м2, екі бөлмелі пәтерлердің ауданы - 55м2, үш бөлмелі пәтерлердің ауданы -72м2.
Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде жақында болған кеңесте Мемлекет басшысы кейбір құрылыс компанияларының баға саясатын сынға алған болатын, бұл компаниялар тұрғын үйдің 1м2 сату құнын құрылыстың нақты өзіндік құнынан 5-6 есеге жоғары белгілеген. Бұл жағдайда, салынған пәтерлердің жайлылығына және сапасына қарамастан тұрғын үйдің 1м2 сату бағасы 192 400 теңгені құрайды. Бұл болса халықтың кең ауқымына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
2017 жылдың соңына дейін «Елорда даму» ЖШС тұрғын үйдің 616 мың м2 салуды жоспарлап отыр, оның ішінен 180 мың м2 немесе 3 519 пәтер 228 апатты тұрғын үйдің меншіктенушілерін көшіру үшін коммуналдық тұрғын үй қорына тапсырылатын болады.