Астанада 13 қарашада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 13 қарашада сағат 9.00 мен 18.00 аралығында «Қазақ Ұлттық спорт Университеті» ЖШС жағдайында (шоссе Қарқаралы, 15) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген, деп хабарлайды елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Тұрғындар назарына: Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Фото: Алматы қалсының ПД

Шараның мақсаты — құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу аясында «Қазақ Ұлттық Спорт Университеті» ЖШС аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

— Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.