Астанада 131 жүргізуші көлік апаты болған жерден қашып кеткен - ІІД
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бүгінге дейін елордада 131 жүргізуші көлік апаты болған жерден қашып кеткен. Бұл туралы Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушілердің барлығы анықталған. Оның 99 қатысты әкімшілік хаттама толтырылып соттың қарауына жіберілді.
«Өкінішке қарай, жол-көлік апатына ұшыраған азаматтар полицейлерге хабар бермей, бір-бірімен келісіп оқиға орнынан кетіп қалады. Көп жағдайда мұндай келісім ауызша жүгізіледі. Жапа шеккендер шарт орындалмай қалса, бірден жол полициясына келеді. Жалпы, жол-көлік апаты қылмыстарының ашылу көрсеткіші бүгінде 80-85% құрап отыр» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.