Астанада 135 мың тоннадан астам бидай қоры бар
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 1 желтоқсанында Астананың бидай нарығына қатысушылардың қолында азық-түлік қажеттіліктеріне арналған 135 253 тонна бидай болды.
Бұл туралы қалалық Статистика департаменті хабарлайды.
Елорданың ресми сайтының мәліметінше, астық қорының көп бөлігі бидайдың үлесіне тиеді. Негізгі дақылдар бидай (99,7%), қара бидай (0,2%) және жүгері (0,1%) болып табылады.
Астықтың көптеген бөлігі (89,6%) қалан элеваторларында сақталуда. Елордалық ұн комбинаттарында өңдеуге арналған 13785 тонна бидай мен 179 тонна жүгері бар.