Астанада 14 жасар қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші іздестірілуде

АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының Жол полициясы 14 жасар қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні іздестіру үстінде.

Астанада 14 жасар қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші  іздестірілуде

Жол полициясы басқармасынан мәлім еткендей, қазанның 16-сы күні таңертеңгі сағат 8 шамасында Бейбітшілік пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында күңгірт түсті шет ел көлігіне мінген жүргізуші бағдаршам жасыл жанған кезде жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

«Апат салдарынан 14 жасар қыздың миы шайқалған, оң жақ жамбасының жұмсақ тіндері жарақаттанған және бас сүйегінің жабық жарақаты бар. Осы орайда, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау мақсатында куәгерлер мен оған қатысты қандай да бір ақпараттары бар тұлғаларды ЖПБ-ға хабарласуды сұраймыз», делінген таратылған хабарламада.

Астана қаласы ЖПБ-ның телефондары 53-22-53,53-27-76, 53-22-63.