Астанада 15 адамды алдап, 21 млн теңгеден астам ақша алған жалған жөндеуші сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астаналық тұрғын Instagram арқылы төбе қабатын орнату және жиһаз жасау қызметін ұсынып, 15 азаматтан алдын ала төлем алған. Алайда тапсырыстарды орындамай, 21 млн теңгеден астам ақшаны иемденген ер адам 4 жыл 6 айға сотталды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлім еттті. 

Астанада 15 адамды алдап, 21 млн теңгеден астам ақша алған жалған жөндеуші сотталды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ол өзі сан соқтырған зардап шегушілермен келісім-шарттар жасасып, алдын ала төлемді қолма-қол не банктік онлайн-аударымдар арқылы алып отырған. Кейін олармен байланысты үзіп, жұмысты орындамаған.

Аталған тәсілмен 15 азаматты алдап, сотталған жалпы 21 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Мемлекеттік айыптаушымен сотталғанның кінәсін толық дәлелденген.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жәбірленушілердің келтірілген материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде азаматтарды сақ болуға шақырады. Алдын ала төлемді енгізбес бұрын орындаушы туралы ақпаратты тексеру, пікірлерді зерттеу, нақты байланыс деректерінің бар екеніне көз жеткізу және сатушының немесе орындаушының адалдығы расталмай елеулі сомаларды аудармау ұсынылады.

Еске сала кетейік, Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деп 292 азаматтан ақша жинаған топқа қатысы бар күдікті Шымкентте қолға түскен болатын.