Астанада 15 елдің танымал әншілері өнер көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның белгілі әншілері мен әлемнің танымал орындаушылары бір сахнада өнер көрсетті. «Астана дауысы» халықаралық фестивалі 15 елдің үздік әншілерінің басын қосты. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Григорий Лепс, Бьянка, Вилли Уильямс, Ева Симонс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
None
None

Фестивальға қатысқан орындаушыларға музыка өнеріне қосқан үлестері үшін естелік мүсіндер тарту етілді.

Концерт барысында радиостансалар мен музыкалық каналдардың үздік рейтингтерін бастап тұрған әндер шырқалды.

«Менің ойымша жақын аралықта бұл фестивальдің абыройы асқақтап, дәрежесі көтеріле түседі. Жеке өз басым жыл сайын Астанадағы концертке келуге тырысамын. Өзімнің жеке концертімді берсем бе деген ойым бар. Себебі Қазақстан маған қатты ұнайды», - дейді Украина әншісі Светлана Лобода.

Соңғы жаңалықтар