Астанада 15 сәуірден велосипед маусымы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада «Astana Bike» қалалық веломаусым қызметін бастайды.

велосипеды велосипедтер
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

15 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап абонемент сатып алуға болады. Жеңілдігі бар пайдаланушылар оны растау үшін авторизациядан өтуі қажет. Жаңа пайдаланушылар жыл бойы velobike.kz сайты арқылы тіркеуден өте алады. 

Биыл велосипедтердің және станциялардың дизайны жаңартылды. 

Велосипед стансаларының тұрағы, абонемент түрлері және басқа да мәліметтерді velobike.kz сайтынан анықтау мүмкіндігі бар.

Одан бөлек, қосымша сұрақтар бойынша «iKomek 109» байланыс орталығы қолжетімді. 

Еске сала кетсек, елордада велосипед маусымының ашылуы мен жабылуы дәстүрге айналған

Соңғы жаңалықтар