Астанада 15 жасар қыз газбен уланды
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Астана қаласының Промышленный кентіндегі жер үйлердің бірінде 15 жастағы қыз газбен уланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш оқиға жексенбі күні таңертең орын алды. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.