Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада 15 жылда алғаш рет листериоз тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 15 жылда алғаш рет листериоз тіркелді. 

Астанада 15 жылда алғаш рет листериоз тіркелді

Мамандардың пікірінше, аталған аурудың пайда болуына ПИК-тердің кеміргіштерге қарсы күреске немқұрайлы қарауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Сапасыз жүргізілген дератизациялық шаралар туляремия, листериоз, лептоспироз және иерсиниоз секілді кеміргіштер тасымалдайтын және елорда аумағына тән жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. 2017 жылдың сәуірінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында листериозға шалдығудың 1 оқиғасы тіркелді. Бұл ауру 2002 жылдан бері тіркелмеген.

«Қала емханаларына кеміргіштер тістеп алған тұрғындар дәрігерлік көмек сұрап жүгінуде», деп атап өтілген таратылған хабарламада.

Астанада сәуірдің 14-інен 25-іне дейін кеміргіштерге қарсы күрестің көктемгі кезеңі өтті. Дератизациямен 20 мың тұрғын үй қамтылды.

Кеміргіштердің бастапқы қоныстануы 1 161 тұрғын үйде анықталған.

Листериоз - бактериалды инфекция. Листерия орталық жүйке жүйесіне зардап тигізіп, менингит және энцефалит туғызуы мүмкін.