Астанада 16-20 шілде күндері Атырау облысының мәдениет күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілде күні Астанада Атырау облысының мәдениет күндері басталады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мұнайлы өлкенің шығармашылық әлеуетін бағалауға мүмкіндік беретін ауқымды мәдени бағдарлама күтіп тұр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі.
None
None

Бес күнге жоспарланған бағдарламада жиырма түрлі шаралар, концерттер, дефилелер мен көрмелер бар.

Іс-шараны 16 шілде күні сағат 11:00-де конгресс-холлда өтетін Д.Нүрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті ашады. Дәл осы уақытта Конгресс-холдың алдындағы алаңда Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетсе, сағат 12:30-де дефилені "Айсұлу" сән үйі жалғастырады. Атырау облыстық мәдениет күндерінің бірінші күні "Атырау айшықтары" Гала-концертімен аяқталады, бұл концерт ЭКСПО-2017 амфитеатрында сағат 21:30-де басталады.

Конгресс-холл ғимаратында екі күн бойы, яғни 16 және 17 шілде күндері Атырау облысының бірнеше көрмелері мен вернисаждары жұмыс істейтін болады. Бұлар - өлкенің тарихынан сыр шертетін облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясы, Ш.Сариев атындағы бейнелеу өнері музейінің ЭКСПО тақырыбындағы вернисаждары. Облыс орталығының кітапханалары ұсынатын кітап көрмесі мен жәрмеңкесі, сондай-ақ облыстық мемлекеттік архив ұсынатын өңірдің жетістіктері туралы құжаттар көрмесі. Барлық көрмелер мен экспозициялар сағат 11:00-де басталады.

17 шілде күні мәдени іс-шаралар кешке қарай басталады. Сағат 19:00-де «Бәйтерек» монументінің алдында Жантөрин атындағы облыстық филармонияның "Нарын" халық аспаптар оркестрі ән-жырмен сусындатады. Дәл осы уақытта "Жастар" театрында Махамбет атындағы облыстық драма театры әртістерінің орындауындағы "Сүйінбай" драмасының тұсаукесері өтеді, басталуы сағат 19:00-де.

18 шілде күні негізгі шаралар этноауыл аумағында өтеді. Сағат 15:00-де "Айсұлу" сән үйі модельдерінің дефиле бағдарламасы басталады. Бағдарламаны сағат 15:00-де Д.Нүрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі мен Құрманғазы, Индер және Мақат аудандарының шығармашылық ұжымдарының концерті жалғастырады. Этноауылдағы бағдарлама сағат 19:30-да атыраулық композиторлардың әндері шырқалатын концертпен аяқталады.

Осы күні, 18 шілде күні қалалық алаңда сағат 17:00-де басталатын өңірдегі этномәдени бірлестіктердің концерті өтеді. Сағат 18:00-де оларды билер мерекесі алмастырса, 20:00-де - облыстық филармония әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылым мен концерт басталады.

19 шілде күні Горький атындағы орыс театрында атыраулық драматург М.Отарбаевтың "Баянды бақ" қойылымы өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Онымен бір уақытта қалалық алаңда облыстық филармонияның эстрадалық оркестрінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.

Астанадағы Атырау облысының мәдениет күндері 20 шілде күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда тәмамдайды. 19:00-де бұл жерде елорда тұрғындары мен қонақтарын "Ән арман - Атырау" мерекелік концерті күтеді. 

Соңғы жаңалықтар