Астанада № 16 автобустың қозғалыс бағдары ұзартылды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - № 13 автобус бағдарының жабылуына байланысты «Промышленный» тұрғын үй алабында жолаушылар тасымалын ойдағыдай қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, автобус бағдарларын оңтайландыру мақсатында 2013 жылдың 20 ақпанынан бастап №16 автобус қозғалысы бағдарын келесі бағытта ұзартуға шешім қабылданды:
None
None

Бастапқы «Ет комбинаты» аялдамасынан «Бесшалқар к-сіне» дейін, Балқантау көшесінің бойымен өзгеріссіз, одан әрі - Бесшалқар к-сі - Шалкөде к-сі, соңғы аялдама - «Промышленный» тұрғын үй алабы. Бұл туралы astana.kz. сайтынан хабарланды.

Еске салайық, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, №21 автобус қозғалыс бағдарының ұзартылуы мынандай болып еді: алғашқы «т/ж Вокзалы» аялдамасынан «Абылай хан» ТК-ге дейін өзгеріссіз. Одан әрі - Сарыкөл к-сі - Қошкарбаев к-сі - Жұмабаев к-сі - Айнакөл к-сі - Сарыкөл к-сі - Байтұрсынов к-сі, кері де осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Бұл шешім Сарыкөл көшесі жалғасының пайдалануға берілуіне және Байтұрсынов көшесіндегі көлік қозғалысының көбеюіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар