Астанада 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт болды

АСТАНА.  Қыркүйектің 22-сі.  ҚазАқпарат - Астанада    17 қабатты  тұрғын  үй кешенінде  өрт   болды,

Астанада 17 қабатты  тұрғын үй кешенінде  өрт болды

  деп хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Ведомствоның ақпараты  бойынша,   Пушкин  көшесінде салынып жатқан  «Жарқын»   тұрғын  үй  кешенінде   бүгін  сағат 04.31- де  екінші-тоғызыншы қабаттардың арасындағы     электр тұстамаларындағы  кабель өртенген. Оқиға   орнынан 50  адам көшірілді.   Өрт    сағат 06.27-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер  жоқ.