Астанада 19 күн ішінде коттедж салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Sip-панельдерден коттедж 19 күн ішінде салынды. Бұл туралы BI Group компаниясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Ресми шараға BI Group холдингінің басшылығы, «Гарус» ресейлік компаниясының өкілдері, әлеуетті клиенттер және жаңа коттедждің иесі қатысты.
Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) дивизионының басшысы Мұхаметжар Искаков айтқандай, бұл коттедж BI Group компаниясының 19-шы жылдығына орай жоғары сапалы sip-панельдерімен танымал «Гарус» ресейлік компаниясының тікелей қатысуымен 19 күн ішінде салынып отыр. «Коттедж құрылысына жаңа канадалық технологиялар қолданылды. Неге біз sip-панельдерден салу технологиясын таңдадық? Себебі біздің мақсатымыз - таза құнды және коттедждерді сату бағасын төмендеу. Ал sip-панельдер - бұл үнемді, экологиялық таза, жылы, сапалы әрі тез», - дейді Мұхаметжар Искаков.
Естеріңізге сала кетейік, «Sip-панельдерден коттеджді 19 күн ішінде салу» қазақстандық-ресейлік жоба BI Group компаниясының 19-шы жылдығына орай «Garden Village бақытты үйлері» науқанының аясында өтті. Былтыр компания өзінің 18-ші жылдығына орай кірпіш коттеджі 16 күн және 20 сағат ішінде салған болатын.