Астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді

Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастықтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.
Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу - Ыстықкөл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.