Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған Еске алу аллеясы ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды,

Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған Еске алу аллеясы ашылды
деп хабарлайды қазАқпарат. Бүгінгі күн тәжік-ауған шекарасында 1995 жылы ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алу күні болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде опат болған сарбаздарға орнатылған ескерткіштерде жиындар өтуде. Осыдан он төрт жыл бұрын Тәжікстан тауларында әскери қызмет бабындағы Қазақстанның Ішкі әскер ротасы тұтқиылдан тап берген лаңкестердің шабуылына ұшыраған болатын. Олардың қазақстандық ротаны тез арада жоямыз деген жоспары іске аспай, керісінше кері шегінулеріне тура келген. Алайда шайқас 17 жауынгердің өмірін қиып кетті. Жаңадан ашылған аллея алдында 17 жауынгердің туған-туысқандары, әскер қатарында бірге сап түзеген жолдастары, қала тұрғындары жиналып, жаңадан отырғызылған 17 ағаштың түбіне гүл шоқтарын қойды. «Олар Қазақстанның Ішкі әскері қатарынан шыққан даңқты ұлдар, аяулы ерлер ретінде мәңгі есте қалады», - деді аллеяның ашылуында сөз алған Ішкі әскер қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықов.