19:17, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Астанада 2,5 мыңнан астам сарбаз бен офицерлер әскери парадқа дайындалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамыр қарсаңында елордадағы «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа 2,5 мыңнан астам сарбаз бен офицерлер дайындалуда.
Сондай-ақ 300-ге жуық техника бірліктері мен қару-жарақ тартылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Лагерлік жиындарға әскердің барлық түрлері, сонымен қатар ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысады.
«Бұл парадтың басты ерекшелігі - оның технологиялық сипатында. Негізгі басымдық қазақстандық Армияның жаңа және заманауи үлгілеріне беріледі», - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмабек Хасенов.
Лагер жиынының штаб бастығы полковник Қасымсейіт Өмірбеков парадқа қатысу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарындағы әскери қызметшілердің іріктелгенін атап өтті.