Астанада 2 қабатты тігін цехы отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 9 маусымда сағат 6.54 минутта А. Пушкин көшесі, 37/1 мекенжайы бойынша «Камода» ЖШС-ның екі қабатты ғимаратында орналасқан тігін цехынан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ.

Астанада 2 қабатты тігін цехы отқа оранды

«Тілсіз жау сағат 07.25 минутта оқшауланып, сағат 10.10 минутта ауыздықталды. Оны жоюға ҚР ТЖМ Астана қ. ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 57 адам, 17 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау шатырды, төбе жамылғысын, тігін жабдықтарын зақымдады. Өрт салдарынан ыстан уланған 1976 жылғы цех жұмысшысы ауруханаға жеткзілді.