Астанада 2 құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Астанада «Мақсат» бетон комбинатының индустриалды паркінде электроманаждау жұмыстарын жүргізу кезінде 41 жасар электрші 3 метр биіктіктен құлап, мерт болды.
Одан кейін Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі салынып жатқан «Мұнар» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде «Астана Қызмет Құрылысмонтаж» ЖШС-нің 20 жасар құрылысшысы 11-қабаттан құлап, қаза болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.