Астанада 2 жасар бала үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

АСТАНА. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат – Астанада жексенбі күні 2 жасар бала бесінші қабаттағы саты аралығынан құлап кетті,

Астанада  2 жасар бала үйдің бесінші  қабатынан    құлап кетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Республика алаңындағы бес қабатты тұрғын үйде орын алды. Алған жарақаттан бала оқиға орнында шетінеді. Ал Алматы облысының Текелі қаласында бесқабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан 1979 жылы туған ер азамат құлады. Алған жарақаттан ол ауруханада қайтыс болды.