Астанада 20-ға жуық автобус бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада 19 автобустың бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды City Transportation Systems.

Астанада 20-ға жуық автобус бағыты өзгерді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Атап айтқанда № 1, 4, 4А, 13, 14, 16, 22, 22А, 24, 24H, 48, 52, 53, 63, 70, 72, 82, 83, 502 автобус қозғалысы уақытша өзгертілді.

Жаңа бағыттар туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.

Таңертең 17 бағыт қалпына келтірілді, ал 29 тамыз кешінде қызмет көрсетуге өзгеріс енгізілді.

Айта кетейік, Астананың тағы бір көшесінде автобус жолағы енгізіледі.