Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда көшелерінің бірінен бойжеткеннің мүрдесі табылды. Бұл жайтты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

қыз
Фото: freepik.com

«30 қыркүйекте «102» арнасына Б.Майлин көшесінде қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 20 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Ізін суытпай аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, қыркүйекте елордада жасөспірімнің мүрдесі табылған еді. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 14 жастағы жасөспірім – қаладағы №16 мектептің оқушысы.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында еліміздің бірнеше өңірінде суицид жағдайы тіркелді. Атап айтсақ, 10 қыркүйекте Ақмола облысында өрт сөндіруші суицид жасады. 

16 қыркүйекте Алматыда көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмды. 

Одан бөлек, 22 қыркүйек күні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара академиясының курсанты көз жұмды. 

Белгілі болғандай, түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Тағы бір қайғылы жағдай 23 қыркүйекте Алматы қаласында болды. Жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кеткен

Соңғы жаңалықтар