Астанада 20 жолаушысы бар автобус жол-көлік апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 20 жолаушы отырған №5 бағыттағы автобус қар тазалаушы техникамен соқтығысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Колышбекова мәлім етті.

Астанада 20 жолаушысы бар автобус жол-көлік апатына ұшырады

«Қалалық қоғамдық көлікпен пен қар тазалаушы техника жол-көлік оқиғасына ұшырады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр. Жолаушылар зардап шеккен жоқ», - деді ол.

Дегенмен, автобус жүргізушісі жедел медициналық көмек көлігімен ауруханаға жеткізілді. С.Колышбекованың айтуынша, қар тазалаушы техника күрегімен автобустың бүйірінен соққан. Оқиға бүгін таңертең сағат 10-да Конституция және Бейсеков көшелерінің қиылысында орын алды.

«Қазіргі уақытта кінәліні анықтап жатыр, жүргізушіден басқа зардап шеккендер жоқ», - деді ол.