Астанада 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті баспана иелері анықталды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпароа/ - Астанада 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары арасында кезекті 102 пәтер үлестірілді.

Астанада 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті баспана иелері анықталды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 25/3 мекен-жайы бойынша салынған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.

«Орныққан тәртіп бойынша Мемлекеттік бағдарламаның кезекті тұрғын үйінің іске қосылуына орай, үш санат бойынша - «балалары бар жас отбасылар», «мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері», «әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері» арасында 102 пәтерді үлестіру бойынша 2011 жылдың 18 қазанында тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті», - делінген таратылған хабарламада.

Осыған орай, әкімдіктің www.astana.kz ресми сайтында комиссияның оң шешімін алған азаматтардың тізімдері орналастырылды. Алдағы уақытта олар сату-сатып алу келісімін ресімдеу үшін Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына шақырылатын болады.