Астанада 2006 жылдан бері 47 мыңға жуық жұп некелесті
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 2006-2013 жж 46 607 жұп некелесті, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, отбасы құрған жұптар саны жыл сайын артып келеді. Жастардың басым бөлігі 2012 және 2013 жылы үйленген. 2006 жылы 4483 жұп шаңырақ көтерсе, 2007 жылы 5154, 2008 жылы 5700 жұп некелескен. 2009 жылы бұл көрсеткіш 6368, 2010 жылы 7058, 2011 жылы 8179, ал 2012 жылы 9378 және 2013 жылы 9924 құрады.
Айта кетейік, ажырасулар саны да өсуде. 2006-2013 жж 16 213 жұп ажырасқан. 2006 жылы бұл көрсеткіш 1212, 2007 жылы 1443, 2008 жылы 1665, 2009 жылы 1958, 2010 жылы 1889, 2011 жылы 2406, 2012 жылы 2625 және 2013 жылы 3015 құрады.