Астанада 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының мәжіліс залында елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен Астана қаласының әкімі, Кәсіподақтар кеңесі мен жұмыс берушілердің қалалық бірлестіктері арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш шараға Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, қалалық жұмыс берушілер одағының төрағасы Мейрамбай Оралов, «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мақсат Қуанышев қатысты. Құжаттың негізгі бағыттарының бірі ?жұмыспен қамту және мамандардың біліктілігін арттыру.«Бүгінгі күні біз жасап отырған келісім Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеу бағдарламаларын орындау жолындағы, басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, еңбекшілер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін және әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты болып танытылады», - деп атап өтті Ә.Рахымжанов.Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік сұхбат әлеуметтік бірлікті күшейтетін және өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін мықты құрал болып табылады. Әлеуметтік сұхбат негізінде оңтайлы және уақтылы шешімдер қабылдануда.«Тоғыз жыл ішінде қала әкімі, Кәсіподақ кеңесі және Астана қаласының жұмыс берушілер одағы арасында 4 келісім жасалды. Осы үшжақты келісімдерді іске асыру барысында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық комиссияның қызметі белсене іске асырылды», - деді елорда әкімінің орынбасары.
Соңғы жаңалықтар