Астанада, 2009 жылмен салыстырғанда, өрт салдарынан қаза болғандардың саны 6 есеге өсіп отыр - ТМЖ
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада, 2009 жылмен салыстырғанда, өрт салдарынан қаза болғандардың саны 6 есеге өсіп отыр,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, елорда бүгінде, республикамыздағы өрт оқиғалары жиі орын алатын қалалардың қатарында.
«2009 жылмен салыстырғанда, Астанада өрт оқиғаларының саны 81,5 пайызға өскен (2010 жылы - 167 оқиға, 2009 жылы - 92 оқиға). Ал өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 6 есеге артқан. Солтүстік Қазақстанда бұл көрсеткіш - 3,75 есе, Павлодар облысында - 2,4 есеге өскен», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.