Астанада 2011 жылға қарай 28 жаңа балабақша пайдалануға беріледі - Елбасы

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астанада 2011 жылға қарай 28 жаңа балабақша пайдалануға беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдында өтіп жатқан Астана күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада жеті орта мектептің құрылысы қарқынды жүруде. 2011 жылға қарай 28 жаңа балалар бақшасы пайдалануға беріледі. Бұған біздің азаматтарымыз қатты мұқтаж болып отыр», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

 Елбасы Астана күні қарсаңында елордада бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті. ««Астана күні әрдайым жаңа нысандардың іске қосылуымен аталып өтіледі. Биыл мерекеге 320 төсектік Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институтының, өңірде теңдесі жоқ 30 мың орындық жаңа стадионның, елордадағы ең биік нысан - «Қазақстан темір жолы» компаниясы әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ бірқатар кеңсе, сауда  ғимараттары, сервистік, көліктік инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді. Мен жетім балаларға арналған заманауи лицейді аштым», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар