Астанада 2012 жылдың соңы мерекелік отшашумен аталып өтеді
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні елорданың орталық алаңында әкімдіктің алдында астана қонақтары мен тұрғындары мерекелік ғаламат отшашуды тамашалайтын болады.
Сонымен бірге, Жаңа 2013 жылды қарсылауға арналған мерекелік концерт пен жаңажылдық дискотека болады, бұл туралы astana.kz сайтында қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметтері бойынша, мерекелік бағдарламаға мемлекеттік филармонияның әртістері, қаланың шығармашылық ұжымдары және қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.
Астаналықтар үшін алматылық «Кино және немістер» тобының театрландырылған жобасы ұсынылады.
Мереке жүргізушілері Макс пен Арай қонақтар көңілін көтереді, деп хабарлады ведомстводан.