Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдар қызметтерін бағалау қорытындысы талқыланады

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 16 қазан күні Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері мен әрі қарай бағалау жүйесін жетілдіруге арналған III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар конференция өтеді. Бұл ақпаратты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдар қызметтерін бағалау қорытындысы талқыланады

2010 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайынғы Бағалау жүйесі барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына алғаш рет енгізілді. Соңғы үш жылдағы бағалау қорытындалары көптеген мемлекеттік органдар қызметтерінің оң нәтижелерін көрсетуде және мемлкеттік органдар жұмысындағы негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

Осы конференция аясында 2012 жылдың бағалау қорытындылары жария етіледі, бағаланатын мемлекеттік органдар арасында көшбасшылармен аутсайдерлер анықталады, бағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланады. Конференцияға қатысуға шақырылған халықаралық сарапшылар халықаралық тәжірибе туралы сөз сөйлейді және мемлекеттік органдарды бағалауда алдыңғы қатарлы тәжірибелер жайлы айтып береді.