13:11, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Астанада 2013 жылы «Энергетикалық тиімді орам» жобасы жүзеге асырылады - С.Нокин
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ТКШ жетілдіру бағдарламасы шеңберінде жедел түрде «Энергиялық тиімді орам» жобасы жүзеге асырылады,
деп хабарлады бүгін «ТКШ ЭКСПО-2013» халықаралық форумы кезінде Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.
«Астанада әзірге жедел түрде «Энергетикалық тиімді орам» жобасын жүзеге асыруды жоспарладық, ал сосын шағынаудан, бұл Күйші Дина көшесінің аумағын қамтиды», - деді С.Нокин.
Сонымен қатар, ол орталықтандырылған есептеу құралдарын дұрыс орнату арқылы энергетикалық тиімділікті арттыруға қол жеткізуге болатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Энергетикалық тиімді шағынаудан» жоба бастамасын ТКШ-ның Ұлттық палатасы ұсынған болатын. Жоба шеңберінде шағынаудан инфрақұрылымын тиімді басқарудың жаңа үлгісін апробациялау жоспарланған, бұл энергия ресурстарына шығынды төмендетеді.