19:13, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Астанада 2013 жылы жаңа Қазақстан тарихы мұражайы ашылуы жоспарланудa
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Мұражай Тәуелсіздік пен Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысында салынуда. Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, жалпы аумағы - 9,4 гектар.
Ғимаратта 250 орындық мейрамхана, 300 орындық акт залы, 60 орындық конференц-залы, 138 орынға арналған кітапхана жасақталуда, сондай-ақ ашық автотұрақта 470 автокөлік қоюға болады. Мұнда 400 мұражай қызметкері мен Қазақстан тарихы ҒЗИ-дың 500 маманы жұмыс жасайтын болады. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігін ескере отырып салынған.