Астанада 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі 8,29 пайызға қымбаттады
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС электр қуатымен қамту тарифінің орташа деңгейін ҚҚС-сыз 12,67 теңге/кВтсағ көлемінде белгіледі. 1 қаңтарға дейін елордада электр қуатының орташа тарифі ҚҚС-сыз 11,7 теңге/кВтсағ болған. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.
Тарифтің көтерілуіне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының энергия өндіруші ұйымының тарату бағасын орта есеппен 15,3% ұлғайтуы, сондай-ақ, электр энергиясының сыртқы тасымалдаушыларының тарифтерінің 6,9% артуы себеп болды.
Бұдан былай, электр энергиясын таратудың орташа құны:
- халық үшін - ҚҚС-сыз 10,57 теңге/кВтсағ;
- басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз 13,64 теңге/кВтсағатты құрайды.
Электр энергиясының орташа деңгейіне қарағанда, ҚР ТМРА Астана қаласы бойынша департаменті тәулік зоналары мен тұтыну көлемі бойынша электр энергиясының сараланған тарифтерін белгіледі.
Сараланған тарифтерді есептеу кезінде тұтынушылардың электр қуатын үнемдеуі мен өткен жылмен салыстырғанда тұтыну көлемін азайтудың есебінен минималды тариф төмендеді.
Нәтижесінде, электр плитасын қолданбайтын халық үшін тұтыну көлемі бойынша минималды тариф 70 кВт-ға дейін 4,86 пайызды, ал электр плиталарын қолданатындар үшін тұтыну көлемі 90 кВт-ға дейінгі тұрғындар үшін 3,93 пайызға дейін кеміді. Сонымен қатар, электр плиталар қолданатын өзге тұтынушылар үшін тұтыну көлемі бойынша 90 кВт-ға дейінгі тариф 12,47 пайызға дейін азайды.