Астанада 2014 жылы коммуналдық қалдықтарды жинау бөлек жүргізіледі

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылы елордада коммуналдық қалдықтарды жинауды негізгі екі типке бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.

Астанада 2014 жылы коммуналдық қалдықтарды жинау бөлек жүргізіледі

«2014 жылы коммуналдық қалдықтарды жинауды негізгі екі типке бөлу жоспарланған. Органикалық және тұрмыстық қалдықтар. Қолданыстағы метал контейнерлер пластик контейнерлерге ауыстырылады және жеке секторда күл жинайтын контейнерлер орнатылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалдықтарды өңдеу тереңдігін 50% дейін арттыру үшін биыл қоқысты қайта өңдеу кешенінде биогаз құрылғысын салу көзделген. Аталған құрылғы қалдықтарды қайта өңдеу, балама энергия көздерін (жылу және электр энергиясы) алуға мүмкіндік береді.