Астанада 2016 жылы мембағдарлама аясында 2 500-ден астам пәтер салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың м² құрайтын 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек: Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, М. Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың м² құрайтын 310 пәтерлік тұрғын кешендерінің құрылысы; Сарыбұлақ өзенінің бойында Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың м² 62 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй кешені.
Арендалық тұрғын үй бағыты бойынша, Оңтүстік Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың м² құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың м² құрайтын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың м² 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар