Астанада 2020 жылға дейін 228 апатты үй сүріледі - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада 2020 жылға дейін 228 апатты үй сүріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
None
None

Қала басшысының атап өтуінше, Астананың тұрғын үй қорын жаңарту адамдардың өміріне қауіп төндіретін еске үйлерді жоюмен қатар жүргізілуі тиіс. Қазіргі уақытта апатты үйлерді жою бағдарламалық деңгейде қолға алынған әрі алғашқы нәтижелер де бар.
«Осы бағдарлама аясында 2017 жылға дейін апатты жағдайда тұрған 228 үй сүріліп, тұрғындарға жаңа үйлерден пәтер алатын болады. Апатты жағдайдағы бұзылатын үйлердің жалпы ауданы шамамен 150 мың шаршы метрді құрайды. Бұл ретте апатты үйлердің иелері 3 519 отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету қажет», - деді ол.
И.Тасмағамбетовтің айтуынша, ол мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылады: үй иесіне тұрып жатқан адамдардың санына қарамастан бұзылатын баспанаға балама шаршы метрлік пәтер ұсынылады. Бірақ бұл үйлердің нарықтық құны апатты жағдайдағы үйлердің бағасымен тең болмайды. «Бұдан ары пәтерлердің 70 пайызы нарықтық бағамен сатылады. Бұл біріншіден, бюджетке жұмсалған қаржыны қайтаруға, екіншіден, түскен кірісті бағдарламаны жалғастыруға мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар