21:24, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
Астанада 213 сайлау учаскесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда елордада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау үшін 213 сайлау учаскесі ашылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Алматы» ауданында 97 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Есіл ауданында 39, «Сарыарқа» ауданында 77 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады. Сонымен қатар, ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде 65 учаске жұмыс істейді.
Бұдан басқа, Астана қаласы мәслихаты депутаттығына тіркелген кандидаттар мен партиялардың үгіт кампаниясы аясында үгіт материалдарын орналастыратын жерлер мен сайлаушылармен кездесу орындары белгіленген. Тізіммен тіркелген құжаттан толығырақ танысуға болады.